Модельдер

Арнайы ұсыныстар

Дилерлер

Сатып алушыларға

Иелеріне

Бренд туралы

KZ

SOUEAST Summer CUP 2026

18.07.2026, 06:06

Алматыда қазақстандық Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін, отбасылық автокөлік бренді SOUEAST қолдауымен ұйымдастырылған SOUEAST Summer CUP 2026 отбасылық футбол мерекесі сәтті өтті. Іс-шара жас спортшыларды, олардың ата-аналарын және қонақтарды бір алаңға жинап, нағыз спорт мерекесінің ерекше атмосферасын сыйлады.




Жобаның басты мақсаты – балалар футболын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және спорт арқылы отбасылық құндылықтарды нығайту болды. Күні бойы қатысушылар командалық рухтарын, ұйымшылдықтарын және футболға деген шынайы сүйіспеншіліктерін көрсетті.

Іс-шара аясында:

  • кәсіби төрешілердің қатысуымен балалар футбол турнирі өтті;
  • командалық ойындар мен шағын матчтар ұйымдастырылды;
  • жеңімпаздар мен қатысушылар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды;
  • қонақтар арасында сыйлықтар ұтысы өткізілді;
  • бүкіл отбасыға арналған food-зона мен ойын-сауық алаңдары жұмыс істеді;
  • фотоаймақ пен фотобудка ұйымдастырылды;
  • SOUEAST автокөліктерінің көрмесі ұсынылды.

Іс-шарада SOUEAST отбасылық автомобиль брендінің өзекті модельдік қатары – SOUEAST S06, SOUEAST S07 және флагмандық SOUEAST S09 таныстырылды.


Көрме аясында қонақтар әрбір автокөлікпен жақын танысып, олардың заманауи дизайнын, кең әрі жайлы интерьерін бағалап, қолданылатын технологиялар, қауіпсіздік жүйелері және модельдердің негізгі артықшылықтары туралы толық ақпарат алды. Бренд өкілдері келушілерге кеңес беріп, әр модельдің ерекшеліктерін жан-жақты таныстырып, қонақтарды SOUEAST отбасылық автомобиль брендінің философиясымен жақынырақ таныстырды.




Турнирдің құрметті қонағы Алматы футбол федерациясының басшысы Талғатұлы Бауыржан болды. Ол жас спортшыларға қолдау білдіріп, қатысушыларды жарқын ойындарымен құттықтап, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.


«Бүгін біз SOUEAST Summer CUP турниріндеміз. Шынымды айтсам, турнирдің ауқымы, командалар мен қатысушылардың көптігі ерекше әсер қалдырды. Ең бастысы – мұның барлығы балалар үшін ұйымдастырылғаны қуантады. Компаниялардың балалар футболын дамытуға көңіл бөле бастағаны өте маңызды. Өйткені болашақ спортшыларды тәрбиелеп, футболды дамыту үшін ең алдымен бұқаралық балалар спортына инвестиция салу қажет.»


SOUEAST Summer CUP 2026 жай ғана спорттық турнир емес, отбасылардың бірге уақыт өткізіп, жас футболшыларға қолдау көрсетіп, үлкен жазғы мерекенің бір бөлігіне айналған ерекше алаң болды.


SOUEAST маркетинг бөлімінің басшысы Руфина Жұмартова:


«SOUEAST брендінің философиясы – адамдардың өмір жолын жеңіл әрі жайлы ету. Біз үшін күнделікті сапарларда ғана емес, клиенттеріміздің өміріндегі ең маңызды сәттерде де олардың жанынан табылу маңызды. Сондықтан отбасыларды біріктіретін, балаларды шабыттандыратын және олардың өз мақсаттарына сенімді қадам жасауына ықпал ететін бастамаларды әрдайым қолдаймыз.»


SOUEAST отбасылық автомобиль бренді балалар спортын, отбасылық демалысты және салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде қолдап келеді. Бренд ортақ құндылықтар төңірегінде адамдарды біріктіретін жобаларды жүзеге асырып, қоғамның дамуына өз үлесін қосуды жалғастыруда.