Soueast жаңа автомобиль бренді Қазақстанда ресми түрде таныстырылды
02.04.2026, 05:08
Алматы қаласында Қазақстан нарығындағы жаңа атау - Allur автокөлiк компаниясының құрамындағы Soueast автокөлiк брендінің ресми таныстырылымы өтті. Бренд бүгінде өзін технологиялық әрі адамға бағдарланған отбасылық кроссоверлер бренді ретінде білдіріп отыр.
Оқиға 2026 жылғы 2 сәуірде өтті, медиа өкілдерін, серіктестер мен сала көшбасшыларын бір алаңға жинады. Қонақтар іс-шара атмосферасына еніп, әрбір бөлшек арқылы бренд философиясын сезінді: ортасында - адам, оның таңдауы, өзіндік көрінісі және өмір жолы.
«Бүгінде Soueast автомобильдері әлемнің 48-ден астам елдері мен аймақтарында ұсынылған. Орталық Азияда да біз қарқынды дамып келеміз: кеше ғана Өзбекстанда S06 үлгісінің таныстырылымы үлкен жетістікпен өтті. Бүгін біз Қазақстанда өзіміздің үш негізгі S06, S07 және S09 үлгімізді таныстырғалы отырмыз.
Біздің мақсатымыз - тек автомобильдер сату емес, Қазақстан тұрғындарына жайлы отбасылық сапарларға тамаша жарайтын жаңа шешімдерді ұсыну. Алдағы
уақытта да біз өз философиямыздан: Қазақстандағы клиенттердің күтулері мен қажеттіліктеріне барынша сай келетін өнімдер мен қызметтерді жасаудан айнымаймыз». - деп Soueast International компаниясының атқарушы вице-президенті Mr Yan атап өтті.

Жаңа бренд автомобильдерінің өндірісі Қостанай қаласындағы Allur зауытының базасында жүзеге асырылады. Кәсіпорын Қазақстандағы ең ірі автомобиль құрастыру алаңы болып табылады және жеңіл әрі коммерциялық автомобильдерді шығаруды қамтамасыз етеді. Зауыттың өндірістік қуаты жылына шамамен 125 000 автомобильге дейін жетеді, ал жалпы ауданы 356 000 шаршы метрді құрайды. Кәсіпорын инфрақұрылымына заманауи дәнекерлеу, бояу және құрастыру желілері кіреді, бұл жоғары деңгейдегі жергіліктендірумен және халықаралық стандарттарға сәйкестікпен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Қостанай қаласындағы Allur зауытының базасында Soueast автомблильдер өндірісінің іске қосылуы біздің серіктестігіміздің жаңа даму кезеңін ашады. Біз брендтер портфелін жүйелі түрде кеңейтіп, жергілікті өндірістің ұстанымын нығайтып келеміз. Біздің міндетіміз – берік индустриялық негіз қалыптастыру, инженерлік құзыреттерді дамыту және жаһандық стандарттарға сай бәсекеге қабілетті өнім өндіруді қамтамасыз ету. Soueast жобасы осы бағытты күшейтіп, саланың одан әрі серпінді дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп Allur компаниясының президенті Оксана Холстинина атап өтті.
Іс-шара форматы классикалық тұсаукесерден асып түсті: интерактивті аймақтар, ойын механикалары, автомобильдерді стандарттан тыс таныстыру тәсілдері және бірқатар интеграцияланған тосынсыйлар Soueast идеясын жай ғана танып-білумен шектелмей, оны терең сезінуге мүмкіндік берді. Кеш коктейльдік қабылдаумен, фуршетпен және қонақтарға арналған арнайы сыйлықтармен жалғасты.
Оқиға аясында брендтің үш негізгі үлгісі ұсынылды:
Soueast S06 – әсерлі дизайн мен серпінді сипат.
Үлгі 2 жинақтауда қолжетімді, шанақтың 6 түс нұсқасында ұысынылды.
Бағасы 11 690 000 теңгеден басталады.
Soueast S07 – қала мен отбасы үшін әмбебап шешім.
Қолжетімділікке екпін қойылған, жайлы әрі теңдестірілген автомобиль.
Бағасы – 13 990 000 теңге.
Soueast S09 – жайлылық деңгейі барынша жоғары флагмандық үлгі.
7 орындық формат, кеңшілік және ойластырылған эргономика.
Бағасы – 13 990 000 теңгеден басталады.
Барлық үлгілер нарықта сұранысқа ие негізгі сипаттамалармен біріктірілген: 1.6 және 2.0 турбоқозғалтқыштар, 4WD толық жетек жүйесі, 8 сатылы автоматты беріліс қорабы, сондай-ақ жоғары деңгейдегі қауіпсіздік пен жайлылық.
Soueast бренді Қазақстанда Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамында ұсынылған, жергілікті өндіріс, сапа және өмірдің әртүрлі жағдайларына бейім әмбебаптыққа басымдық береді.
Жуық арада дилерлік желіні белсенді дамыту жоспарланып отыр: Қазақстанның 10 қаласында 14 дилерлік орталық ашу көзделуде.
Soueast жайлылыққа, отбасылық құндылықтарға және әрбір бағыттағы сенімділікке ерекше екпін қоя отырып, адамдардың нақты қажеттіліктеріне негізделіп жасалған автомобильдерді ұсынады.
Автомобильдерге 5 жыл немесе 200 000 км жүріс кепілдігі беріледі.